Аңсаған бақытым сияқтанып, Ай туып келеді қияқтанып. [Жол жаққа қараймын, Сен жоқсың арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен.] (2х)
Қайтемін кіналап бұған сені, Сағатың алдаған шығар сені. [Нұр ойнап көзіңде, Уәделі кезіңде. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен.] (2х)
Көшеде сырласып, шалқып басып, Құрбылар барады қолтықтасып. [Тағатым таусылды, Аңсадым даусыңды. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен.] (2х) Teksty umieszczone na naszej stronie są własnością wytwórni, wykonawców, osób mających do nich prawa. |
|