Жанарымда жас бар ма? Тамшы тамса жасқанба Елімді сүйіп Көтердім биік Алақанымды аспанға!
Сынақ түспей әліңе Бұл өмірдің мені не? Сындар шыңдайды Шыңдар сынбайды Уақыт ем болар бәріне
кайырмасы:
Қайран менің Туған жерім Аман бол, елім Ғасырлардай Мәңгі соқсын Сенің жүрегің Жалғыз сол ғана тілегім!
Ұмытылсын қайғы мұң Жарқырасын ай-күнім Шаттансын әр үй Қуансын сәби Тілеймін әлем саулығын!Teksty umieszczone na naszej stronie są własnością wytwórni, wykonawców, osób mających do nich prawa.