Жараттың мұнша көркем қызды, құдай-ай Телмірттің қызға қарай бізді құдай-ай Кетпейді берген шайың таңдайымнан-ай Сырбаздың жазғы күнгі тұздығындай-ай
Бір күй-ай, бір күй-ай Бес қалампыр бір кұй-ай Дүрдараз, дүрдараз Бірде тату, бірде араз Кемпір менен шал да араз "Келмейсің" деп қыз да араз "Өзің неге келмейсің? " деп сол қызбенен біз де араз, біз де араз. "Өзің неге келмейсің?" деп сол қызбенен біз де араз, біз де араз
Жарқын жүз толықсыған-ай толған айдай-ай Көргем жоқ сұлу қызды сірә мұндай-ай Қыр мұрын, қарақат көз, жазық маңдай-ау Болсайшы сүйген жарым дәл осындай-ау
Бір күй-ай, бір күй-ай Бес қалампыр бір кұй-ай Дүрдараз, дүрдараз Бірде тату, бірде араз Кемпір менен шал да араз "Келмейсің" деп қыз да араз "Өзің неге келмейсің? " деп сол қызбенен біз де араз, біз де араз. "Өзің неге келмейсің?" деп сол қызбенен біз де араз, біз де араз (x2)Teksty umieszczone na naszej stronie są własnością wytwórni, wykonawców, osób mających do nich prawa.